Sunday, December 6

Forum

Notifications

ТжКБ жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері  

  RSS

Bekbula
(@bekbula)
New Member
Присоединился: 1 month назад
Сообщения: 1
23/10/2020 8:45 am  

Пікір

      Еңбек нарығының өзекті мамандықтары бойынша кәсіби стандарттарды жаңарту және өндіріске инновациялық технологияларды енгізу Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне (ТжКБ) маңызды тапсырмалар қояды – жұмыс  берушілердің  талаптарына және еңбек  нарығының өзгерісіне  жылдам  көңіл бөлу және әлемнің стандарттарына сай мамандарды  даярлау.

     Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Оқытушыларға қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру.

АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «ТжКБ жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша ұйымдастырған курстан өту барысында төрт  модуль бойынша ТжКБ ұйымдарында білім алушыларды аттестаттауды өткізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді,  ТжКБ жүйесіндегі бағалау рәсімі және бағалау саясатын,  Оқу жетістіктерін бағалаудың  балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану ерекшеліктерін,  Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеуді  меңгердім.

      Жаңа инновациялық технологиялардың аясында «ТжКБ жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша тренер Райгүл Сағатқызы көптеген мәліметтерді түсіндіріп, осы бағдарламалар бойынша тәжірибелік  тапсырмаларды  орындатты, осы тәжірибелік  тапсырмалардың  негізінде  біліктілігімді жетілдірдім. Білімді жетілдіру барысында бізге берілген 72 сағат ішінде  оқу жетістіктерін бағалаудың  балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану ерекшеліктері бойынша көптеген мәліметтер алдым.

      Біздің топтың сапалы жұмысын  әрбір тындаушыға деген тренердің жеке-бағытталу тәсілі қамтамасыз етті, өйткені топта әртүрлі әкімшілік-педагогикалық  дайындығы  бар әртүрлі пәннің оқытушылары жұмыс жасады. Осы мақалада айтқандар біліктілікті арттыру курстарының тындаушыларымен және менімен өз жобаларымызды  шығармашылық қорғау барысында дәлелденді.

«Talap» коммерциялық  емес  акционерлік қоғамының  ұйымдастыруымен  осындай күрделі тақырыптардағы  курстарды  жоғары деңгейде өткізген штаттан тыс тренер Райгүл Сағатқызына алғысымды білдіремін. Сонымен  қатар  осы  курсты  ұйымдастырып  отырған  «Talap» коммерциялық  емес  акционерлік қоғамының  басшылары Курманбекова Сулушаш Сатбековнаға, Бимендина  Әсима  Темкеқызына,  Фазылбаева  Жанна Серікқызына  алғыс  білдіре  отырып,  заман  талабына  сай  осындай   курстарды  басқа  да  тақырыптарда  ұйымдастырып, еңбектеріңіз жана  берсін  демекпін.

 

Құрметпен   Бекбула  Алтынай  Ақылшақызы

 


Цитата
ainur.kazhiyakhmetova@bk.ru
(@ainur-kazhiyakhmetovabk-ru)
New Member
Присоединился: 2 weeks назад
Сообщения: 1
25/11/2020 8:38 am  

ТжКБ жүйесінде оқытудың баллдық рейтингтік жүйесінің дәстүрлі оқытудан өзгешелігі -сабақ мазмұнына оқу мақсаттарын нақты
қою, мақсатқа сай бағалау критерилерін анықтап, саралау тапсырмаларын
әзірлеу, тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеу және т.б. Топтық жұмыс барысында
бағалау критерилерін жүргізу бойынша тапсырмаларды орындап, қолдану
жолдары бойынша жан-жақты талқылқыланды. Қздік жұмыстар жасау оны
қорғау кәсіби құзыреттілігімізді жетілдіріп, педагогикалық шеберлігімізді
шыңдауға ықпал етті. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында бір
біріміздің жқмыстарымызды бағалау үрдісі арқылы курс бағдарламасы
мазмұнын толық түсіндік. Тренердің тарапынан берілген нақты әдістемелік
көмек пен кеңес бағалау жүйесінің компоненттері жайлы толық жауап алуға
мүмкіндік берді.


ОтветитьЦитата
Aimen
(@aimen)
New Member
Присоединился: 2 weeks назад
Сообщения: 1
25/11/2020 11:11 pm  

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» курсы  өте жоғарғы деңгейде өтті. Курс өзекті педагогикалық мәселелерді шешуге, оқыту нәтижелерін бағалауды кадрларды даярлау жүйесінің міндеттері мен мақсаттарына сәйкестендіруге, педагогтерге оқу нәтижелері деңгейінің критерийлері мен өлшемдерін үйретуге бағытталды.

     Курс барысында нормативтік құжаттарды жинақтауға, практикалық тренингтерге қатысуға, әртүрлі білім беру платформаларынан тапсырмалар жиынтығын орындауға, аттесттаттау түрлерін еске алуға, тренердің көмегімен Блум таксономиясына сәйкес критериалды бағалау бойынша тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алдым.

      Курс барысы өте қызықты өтті. Әр өңірден жиналған әріптестерімізбен танысып, тез тіл табысып, пікір, тәжірибе алмастық. Ал тренеріміз Гульфайрус Нурсапаевна әр тыңдаушыға ерекше көңіл бөліп, барлығымызға кісіби бағдар, әдістемелік көмек және терең практика бере алды. Курсқа деген қызығушылығымызды арттырып, педагогикалық шеберлікке баулып,  жауапкершілік пен әділдік қасиетімізді шыңдай түсті. Дәл осындай білікті маманнан сабақ алу – мен үшін үлкен мақтаныш. Мен өз кезегімде, курс барысында жинаған білімімді  өз тәжірибемде қолданып, білікті маман даярлау үшін барымды салатын боламын. Ұйымдастырушыларға және тренеріміз Гульфайрус Нурсапаевнаға алғысымды білдіремін!


ОтветитьЦитата
Zhalgas Zhumassilov
(@zhalgas-zhumassilov)
New Member
Присоединился: 3 years назад
Сообщения: 1
26/11/2020 6:52 am  

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «ТжКБ жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша ұйымдастырған курстан өту барысында төрт  модуль бойынша ТжКБ ұйымдарында білім алушыларды аттестаттауды өткізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді,  ТжКБ жүйесіндегі бағалау рәсімі және бағалау саясатын,  Оқу жетістіктерін бағалаудың  балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану ерекшеліктерін,  Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеуді  меңгердім.

Жаңа инновациялық технологиялардың аясында «ТжКБ жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша тренер Райгүл Сағатқызы көптеген мәліметтерді түсіндіріп, осы бағдарламалар бойынша тәжірибелік  тапсырмаларды  орындатты, осы тәжірибелік  тапсырмалардың  негізінде  біліктілігімді жетілдірдім. Білімді жетілдіру барысында бізге берілген 72 сағат ішінде  оқу жетістіктерін бағалаудың  балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану ерекшеліктері бойынша көптеген мәліметтер алдым.

Тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында бір біріміздің жқмыстарымызды бағалау үрдісі арқылы курс бағдарламасы мазмұнын толық түсіндік. Тренердің тарапынан берілген нақты әдістемелік көмек пен кеңес бағалау жүйесінің компоненттері жайлы толық жауап алуға
мүмкіндік берді.


ОтветитьЦитата
Tussupova Alima
(@tussupova-alima)
New Member
Присоединился: 2 weeks назад
Сообщения: 1
26/11/2020 8:32 am  
               Менің ойымша біліктілікті арттыру курсының маңызы педагог үшін өте зор. Қараша айының 16 мен 27 аралығында «ТжКБ беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша  біліктілігімді  арттырдым. 2 апта көлемінде  жаңартылған білім мазмұнында баллдық жүйемен бағалау, Блум таксономиясы мақсаттары негізінде тапсырмаларды дайындау туралы дәрістер тыңдап,  практикалық сабақтар жасадық. Сонымен қатар, күнделікті сабаққа қысқа мерзімді жоспарды жасаудың құрылымымен егжей-тегжейлі танысып, оны практикалық сабақтарда жасап, бағалауды үйрендік. Көптеген оқыту стратегияларына және алған білімдерін тәжірибеде қолданудың тиімді тәсілдеріне, білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне де тоқталып өттік.       Білім шеті жоқ теңіз сияқты, бірақ сондада болса курс соңында  біліміміз бір сатыға көтерілгендей әсерде болдық.  Әрине, бұл жерде өзінің дәрісі  арқылы біздің білімге деген құлшынысымды оятқан тренеріміз Боранбаева Гульфайрус Нурсапаевнаға деген ыстық ықыласым мен алғысымды  өлең шумағымен білдіргім келеді:

Стандарт, бұйрық санамызға дарытқан,

Он күн бойы Блумды танытқан.

Сізге үлкен алғысымды айтамын

Гульфайрус апай, дарынымды дамытқан!

 Алдағы уақытта  Гульфайрус Нурсапаевнаның тобында білімімді әрі қарай толықтырғым келеді.
Сондай – ақ, біліктілігімді арттыруға мүмкіндік сыйлаған НАО «Talap» Презиенті С.С.Курманбековаға рахметімді айтамын!

 


ОтветитьЦитата
Bauyrzhan Kadirseitov
(@bauyrzhan-kadirseitov)
New Member
Присоединился: 1 week назад
Сообщения: 1
26/11/2020 9:03 pm  

П І К І Р

КЕАҚ  "ТАЛАП"  ұйымдастырған  «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері»  тақырыбы бойынша 16.11-27.11.2020 жылы аралығында өткен біліктілікті арттыру  курсынанан өту барысында  Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды аттестаттауды өткізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді,  Ағымдағы бақылау, Аралық аттесттаттау мен қорытынды аттестаттау,  Оқу жетістіктерін бағалаудың  балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану ерекшеліктерін,  Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеуді,тапсырмаларды Блум таксономиясын арқылы  бағалаудың критерийлерін деңгейлерге жіктеп енгізуді  меңгердік.

Жаңа бағалау жүйесінің негізінде «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша тренер Ақмарал Маметқазықызы "Zoom" приложениясы арқылы көптеген мәліметтерді onlinе режимінде түсіндіріп, осы бағдарламалар бойынша тәжірибелік  тапсырмаларды "Сlassroom" платформасында  орындатты, осы тәжірибелік  тапсырмалардың  негізінде  біліктілігімді жетілдірдік. Білімді жетілдіру барысында бізге берілген 72 сағат ішінде  оқу жетістіктерін бағалаудың  балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану ерекшеліктері бойынша көптеген мәліметтер алдық.

Тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында бір біріміздің жқмыстарымызды бағалау үрдісі арқылы курс бағдарламасы мазмұнын толық түсіндік. Тренердің тарапынан берілген нақты әдістемелік көмек пен кеңес бағалау жүйесінің компоненттері жайлы толық жауап алуға мүмкіндік берді.

Курс барысында нормативтік құжаттарды жинақтауға, практикалық тренингтерге қатысуға, әртүрлі білім беру платформаларынан тапсырмалар жиынтығын орындауға, аттесттаттау түрлерін еске алуға, тренердің көмегімен Блум таксономиясына сәйкес критериалды бағалау бойынша тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алдық.

Біліктілікті арттыру курсымыз өте қызықты әрі жоғарғы деңгейде өтті. Әр аймақтардан жиналған әріптестерімізбен танысып, тез тіл табысып, пікір, тәжірибе алмастық. Ал тренеріміз Ақмарал Маметқазықызы әр тыңдаушыға ерекше көңіл бөліп, барлығымызға кісіби бағдар, әдістемелік көмек және терең практика бере алды. . Білікті маманнан сабақ алу – біз үшін үлкен мәртебе. Тренеріміз Ақмарал Маметқазықызына алғысымызды білдіреміз! Өзіңізге денсаулық, Отбасыңызға амандық, жұмысыңызға жемісті шығармашылық табыс тілейміз! Биіктерден көріне беріңіз! Зейнет жасына абыроймен жете беріңіз! Түлектеріңіз бір бір мамандық иесі болсын! КЕАҚ "ТАЛАП" басшысына және ұйымның барлық ұжымымына осындай курстар ұйымдастырғанына ерекше алғысымызды білдіреміз! Жұмыстарыңыз алға баса берсін!


ОтветитьЦитата
Share: