Sunday, December 6

Forum

Notifications

Тема: «Основные аспекты и условия процесса инклюзивного обучения в организациях технического и профессионального образования»  

  RSS

Azhar Shubayeva
(@azhar-shubayeva)
New Member
Присоединился: 4 months назад
Сообщения: 1
07/08/2020 7:37 am  

с 3.08 по 14.08.2020г я проходила курс повышения квалификации по теме:

«Основные аспекты и условия процесса инклюзивного обучения

в организациях технического и профессионального образования» по руководством Жуманбаевой Куралай Асылбековной. Тема актуальная и я получила все информации которые меня интересовали. Благодарность организаторам НАО "Талап" и всем кураторам! 

 


Цитата
Kalymbayeva Nazym
(@kalymbayeva-nazym)
New Member
Присоединился: 4 months назад
Сообщения: 1
07/08/2020 9:10 am  

Тема курса: " Основные аспекты и условия процесса в инклюзивном обучения организациях технического и профессионального образования" под руководством Жуманбаевой Куралай Асылбековны. Спасибо за нужные нам информации 


ОтветитьЦитата
Zhanar Alseitova
(@zhanar-alseitova)
New Member
Присоединился: 4 months назад
Сообщения: 1
13/08/2020 1:44 pm  

 

Инклюзивті оқу әдіс-тәсілдері курсында оқи отырып мүмкіндігі шектеулi оқушылармен жұмыс істеуди оқып үйрендім. Мемлекетімізде қаншама мүмкіндігі шектеулі балалар үйінде отырып өз қабілеттерін, туа біткен таланттарын, дарындарын аша алмай отыр. Бұл курстан көп әдіс-тәсілдерді үйрендім

Осы курсты өткізіп жатқан тренеримиз Акмарал Маметқазықызына  құрметпен рақметiмди білдіремін. 


Karimova Nurgul лайков
ОтветитьЦитата
Zeynep
(@zeynep)
New Member
Присоединился: 3 months назад
Сообщения: 1
26/08/2020 10:16 am  

Білім кеңістігіндегі заманауи көзқарас

     Қоғамда ағарту жүйесінің барлық саласы өзгеріске ұшырап, білім жүйесіне іштей қайта құру іске асырылып отырғанда, оқытушының алдына қойылған міндеті арта түспек.
     «Адамдар бақытты болу үшін біріне- бірі көмектесіп отырған қоғам, ізгі қоғам болады»- деп ұлы ойшыл Әбу- Насыр Әл- Фараби айтқандай, білім беруді ізгілендіру үдерістері инклюзивті білім беруді дамытуға түрткі болды (лат. include-мен қорытындылаймын; франц. inclusive- қамтиды; ағылш. inclusion- девиантты дамуы бар балаларды қосу). Адам құқықтары саласындағы халықаралық конвециялар мен декларациялар ратификацияланды, оның ішінде бала құқықтары мен мүгедек балалар үшін білім алу мүмкіндігі кеңейе түсті.
     Инклюзивті білім беру балаларды оқыту үшін ерекше жағдайларды талап етеді, ерекше білім беру қажеттіліктері білім беру мекемелерінің алдына оларды құру бойынша жаңа міндеттер қояды. Бұл жағдайда оқытушының инклюзия шарттарын меңгеруін, жаңа жағдайда жұмыс жасауы қарастырылады.
     Осы тұста КеАҚ «Талап» оқу- жаттығу орталығы  ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары» атты тақырыпта жүргізілген педагогтардың біліктілігін арттыру курсының маңызы ерекше. Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің инклюзивтік бағыты мен дефектологиялық сауаттылықтарын арттыруға, ерекше балаларды сүйемелдеуде педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайындайды деп ойлаймын. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың барлық санатын білім беру үдерісіне барынша қамтуды көздейді.
     Курсты жүргізген тренеріміз Валитова Лилия Маратовнаның жетекшілігімен, курста бірге оқыған әріптестеріммен танысып, тәжірибие алмасу барысында «Бала кеңістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болуы керек»- деген неміс педагог- дефектологы П. Шуманның ұлағатты сөзінің маңыздылығына  көз жеткіздім.
     Қорыта айтқанда , курстық дайындықтан өту нәтижесінде, менде инклюзияның төменде көрсетілген мәні туралы түсініктер қалыптасты:
     - инклюзия- бұл адамның алуан түрлілігіне және айналасындағылардың барлық айырмашылықтарын ескере отырып, қалай өмір сүруге үйрету;
     - инклюзия- әлеуметтік кедергілерді анықтау және жеңу;
     - инклюзия- бұл барлық студенттердің жетістіктері, білім беру мекемесінде тәжірибе жинаудағы теңдікті білдіреді;
     - жүйені психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу, білім берудегі жетістіктерге ынталандыру;
     «Талап» оқу- жаттығу ортылығы ұйымдастырған курста біз қалыптасқан кәсіби құзіреттіліктерді айтарлықтай толықтыра алдық, инклюзия жағдайында туындаған танымдық диссонансты жеңе алатындай педагогикалық сауаттылығымызды шыңдай түстік.

 

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінің оқытушысы: Апбазова З. Е.

 


ОтветитьЦитата
Karimova Nurgul
(@karimova-nurgul)
New Member
Присоединился: 1 month назад
Сообщения: 1
23/10/2020 1:04 pm  

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары» курсына 12.10.2020-23.10.2020 аралығында қатыстым. 

Курстың барысында тренер Нурбекова Ақмарал Маметқазықызы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары» тақырыбы  бойынша инклюзивті оқыту біздің елімізде қалай жүзеге асып жатқанын және басқа да мемлекеттер туралы ақпарат беріп өтті. Барлық модульдер бойынша тақырыптарды жетік түсіндіріп, алған білім бойынша тапсырмалар орындалды.Инклюзивті білім беруде барлық санаттар бойынша балалардың оқу жағдайын ұйымдастыруды меңгердік. Модуль бойынша силлабус, жол сілтегіш, жеке оқу жоспарын санат  бойынша тәжірибелік жұмыс жасадық. Курс өте қызықты, өте жоғары деңгейде өтті. Тренеріміз Ақмарал Маметқазықыз өз ісінің шебері. Өзімізге қажет көп ақпараттар алдық. Алғысым шексіз!!!

 

Қатысушы: Каримова Нургуль Алимхановна. Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы


ОтветитьЦитата
Syrym Kurmanov
(@syrym-kurmanov)
New Member
Присоединился: 2 weeks назад
Сообщения: 1
24/11/2020 1:06 pm  

Біліктілікті арттыру курсында, "Талап акционерлік ұйымына" алғысым шексіз.

Қашықтықтан оқыту курсында ақысыз және терең білім бере алды. Блум таксономиясы бойынша көптеген білмейтін дүниелерімізді Мықты тренерлер (Гулфайрус Нурсапаевна) бізге жеткізе білді. 

Оқушының жақсы түсінуі мен дұрыс қабылдауы және кері байланыс пен тиянақтылықты 1-ші орынға қоя отырып, қашықтықтан білім беру қағидаларына дейін үйрене алдым.

Өз білімін арттыру курсында білімімді ұштай білген Тренер Гүлфайрус Нурсапаевнаға рахметтен басқа айтарым жоқ!


ОтветитьЦитата
Share: