Monday, August 10

Forum

Notifications

Бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлаудағы басты қадам  

  RSS

BotagozBR
(@botagozbr)
Eminent Member
Присоединился: 2 years назад
Сообщения: 43
22/04/2019 12:27 pm  

 

Бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлаудағы басты қадам

   Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесі мен зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі туындап тұр. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы құзыретті маман тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл талап педагогтар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

           Осы орайда Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлерін және басшыларын білім жүйесін кеңейту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес 1-12 сәуір аралығында біліктілік арттыру курсы өткізілді. Курс КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдингінің ұйымдастыруымен И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық жоғары колледжінің базасында «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру», «Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреттілігі: дамыту және жетілдіру» тақырыптары бойынша жүргізілді. Біліктілік арттыру курстарын жүргізген тренерлер – Таңқыбаева Ботакөз Рахманқызы және Орымбаева Ранай Икрамқызы.  72 сағаттық курс барысында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер жаңа модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасымен толық танысты. КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдингінің» бас менеджері – Тұңғышбайұлы Кендебай барлық ТжКББ ұйымдарына енгізілген бағдарламалардың артықшылықтарын атай отырып, Холдингтің жұмысына және стратегиялық даму бағыттарына тоқталып кетті. Біліктілік арттыру курс бағдарламасының мазмұны модульдік – құзыреттілік тәсілге негізделген және келесі модульдер бойынша теориялық және практикалық оқуды қамтитын оқытуды көздейді:

1) Құзыреттілік тәсілдемеге негізделген модульдік оқыту;

2) Модульдік-құзыреттілік тәсілдемеге негізделген ТжКБ үлгілік оқу жоспарларын және білім беру бағдарламаларын оқу процесіне енгізу механизмі;

3) Модульдік-құзыреттілік тәсілдемеге негізделген жұмыс оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу практикасы;

4) Оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру;

5) Студенттердің жоспарланған нәтижелері мен оқу жетістіктерін бағалау әдістері.

Курс аяғында оқытушылардың шығармашылық жобалар нәтижелері өте жоғары деңгейде бағаланды және модульдік оқытудағы құзыреттілік тәсілге негізделген бағыт толық меңгерілді деп есептеймін. Арнайы мақсатқа негізделген біліктілікті арттыру курсының соңғы күні инженерлік-педагогикалық қызметкерлер халықаралық талаптарға сәйкес біліктіліктерін арттырғандығын растайтын сертификат алып, өздерінің ой-пікірлерін білдірді.  ТжКБ беру ұйымдарындағы оқыту процесі модульдік-құзыреттілік тәсілге негізделуі керек, өйткені бұл бәсекеге қабілетті және білікті мамандар даярлау мен құрудағы басты қадам.  


gulmaral1978, aika08, Azatazat и 3 людей поставили лайки
Цитата
Toktamysova12
(@toktamysova12)
New Member
Присоединился: 2 years назад
Сообщения: 4
22/04/2019 2:23 pm  

Керемет


ОтветитьЦитата
Azatazat
(@azatazat)
Active Member
Присоединился: 1 year назад
Сообщения: 5
22/04/2019 2:30 pm  

👍


ОтветитьЦитата
gulmaral1978
(@gulmaral1978)
New Member
Присоединился: 1 year назад
Сообщения: 2
26/04/2019 8:52 am  

Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру тақырыбы өте маңызды

курс арта берсін


ОтветитьЦитата
Share: