Воскресенье, Декабрь 16

Форум

отзыв  

  RSS

UzbanovaAigerim
New Member
Присоединился:4 недели  назад
Сообщения: 1
20/11/2018 8:50 дп  

Аса құрметті Асима Тимкеновна!

Мен,  Узбанова Айгерим Сулейманқызы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологияларын  енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы  ұйымдастырып отырған курс тыңдаушысымын.  Курсқа келер  кезде   менің көкейімде кредитті-модульді технологиялар негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру  бойынша көптеген келелі сұрақтар болғаны рас. Жүйелі  берілген білімнің негізінде мен аталмыш сұрақтарыма  біртіндеп жауап ала бастадым. Бұл – мен үшін үлкен жетістік.  

Менің курсқа келгендегі басты  мақсатым – кредиттік технологияның   білім беру  бағдарламасына енгізудің жолдарын айқындау болғандықтан,  курс барысында  оқу жоспарлары мен білім беру  бағдарламаларының оқу процесінде жүргізілуі бойынша кеңінен мәліметтер алып, нәтижеге бағытталған  тапсырмаларды орындау арқылы берілген білімді кеңінен игердім.

Алдағы уақытта мен кредиттік-модульдік оқытудың силлабусын және бағалау критерийлерін, ең бастысы студенттердің өздігінен білім алуына бағытталған білімді өзіндік тәжірибеме енгізуге дайынмын.

Өзекті курсты ұйымдастырғандарыңызға ризашылығымды білдіремін.

 


ОтветитьЦитата
  
Работает

Пожалуйста, Вход или Зарегистрироваться