Вторник, Март 19

Форум

«Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру»  

  RSS

Abdrahmanova Karlygash
(@abdrahmanova-karlygash)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 12:57 пп  

Мен, «Прогресс» политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Абдрахманова Карлыгаш Амангелдіқызы, 2019 жылдың 8-12 қаңтар аралығында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысымын.

Осы курс аясында модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде оқыту – ол құзіретті, алған білімді өмірде еш кедергісіз  пайдалана алатын, қоғаммен бірге өсу, даму, алға жылжу динамикасын жүргізе алатын, өздігінен  шешім шығара алатын, жұмысшы болып қана емес, өз кәсібін жүргізудің жолдарын айқындайтын, көпшілік ортада өзін-өзі барлық қырынан танытатын білімді, білікті маман қалыптастыру. Ұйымдастырылған курс барысында берілген білімнің мазмұнын, қолданудың аясын толығымен түсіндім.

Біз жекеменшік оқу орны болсақ та, жаңашылдықтарды ешкімнен  қалыспай тез игеруімізге ұйтқы болған курс ұйымдастырушыларына ризашылығымды білдіремін.


ОтветитьЦитата
Ainabekova Asel
(@ainabekova-asel)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:23 пп  

Мен, «Прогресс» политехникалық колледжінің оқытушысы Айнабекова Асел Дүйсенбайқызы  8-12 қаңтар аралығында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында ұйымдастырылып отырған  біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысымын.

Курс барысында мен техникалық  және кәсіптік білім мазмұнының  жаңаруына себепкер болған мәселелерді, халықаралық стандарттар негізінде білім берудің өзіндік өлшемшарттарын, модульдік оқытудың принциптерін, базалық модульдің ерекшелігін және қалыптастырылатын құзіреттердің өзіндік орнын кеңінен айқындай білдім. Бұдан әрі әріптестеріммен бірлесе отырып, үлгілік, жұмыс-оқу бағдарламасының мазұнымен, бағалау критерийлерімен танысып, практикалық жұмыс барысында бірлесе әзірлеп, өзіме керекті білім қорын жинақтай білдім. Ендігі кезекте алған білімді оқу үрдісінде кеңінен қолдануға дайынмын.


ОтветитьЦитата
Buenbaeva Zhanna
(@buenbaeva-zhanna)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:26 пп  

Мен «Прогресс» политехникалық колледжініңжалпы білім беретін қоғамдық пәндер оқытушысы Буенбаева Жанна Тұрарқызы 8-12  қаңтар аралығында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген Қазақстан Республиксында 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ беру мазмұнын жаңарту» қағидаларын іске асыру мақсатында өткізілген курста оқып, білімімді жетілдірдім.

 Иә, бұған дейін курстан мемлекеттік оқу орындары жаппай өткен болатын. Біз өзімізді жаңашылдықтардан қалыс қалып отырғандай сезінуші едік. Енді ол күдіктерден арылып, олардың ізін өкшелей басып, біз де өз білімімізді халықаралық талаптарға сай жетілдірдік. Бұл тұста әрине «Кәсіпқор» холдингінің еңбегі зор.  Курс бағдарламасы менің педагогикалық ізденісіме  шығармашылық тұрғыдан жетілудің  жолын салып, берді. Сондықтан курс ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін.


ОтветитьЦитата
Dobrenko Irina
(@dobrenko-irina)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:28 пп  

Мною, Добренко Ириной Ивановной, преподавателем общеобразовательных дисциплин Политехнического колледжа «Прогресс» были посещены курсы на тему «Реализация образовательных программ технического и профессионального образования, разработанных на основе модульно – компентентностного подхода». Были раскрыты вопросы по разработке рабочих программ и перспективно – тематических планов.

   Особое внимание нужно уделять взаимодействию в учебном процессе между коллегами, администрацией  так как многие вопросы, которые касаются подхода.

Прослушав курс, окажет мне помощь в моей педагогической деятельности, а также обогатит мой опыт.


ОтветитьЦитата
Ageeva Tatiana
(@ageeva-tatiana)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:29 пп  

Мною, Агеевой Татьяной Ивановной, мастером производственного обучения поваров, были посещены курсы на тему «Реализация образовательных программ технического и прфессионального образования, разработанных на основе модульно-компетентностного подхода», где рассматривались вопросы по разработке рабочих программ и перспективно-тематических планов, распределение часов по предметом, на основе модульно-компетентностного подхода. В условиях модернизации профессионального образования компетентностный подход является одним из консептуальных положений обновления содержания образования.

Прослушанный мною курс, окажеть мне помощь в моей педагогической деятельности а так же подниметь мою компетентность.


ОтветитьЦитата
Ergalieva Ainur
(@ergalieva-ainur)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:34 пп  

Мен, «Прогресс» политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері    Ергалиева Айнур Мырзагалиевна 8-12 қаңтар аралығында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында ұйымдастырылып отырған  біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысымын.

Курс барысында модульдік оқытуға ауысудың қазақстандық және шетелдік озық тәжірибесін, сондай-ақ, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын оқу процесіне енгізу әдістемесімен таныстым. «Автокөлікті жөндеу слесары» мамандығы бойынша жұмысшы біліктілігіндегі автослесарь, өндірістік шебері біліктіліктеріне берілген сағаттардың жүктемесін  орналастырып, әрі оның жүргізілу шарттарын толығымен меңгердім. Модульдік оқытуға көшуіміздің басты талабы ол отандық білімді халықаралық талаптарға сай теңестіру. Сондықтан жүргізілген курс мазмұны мен үшін өзекті. Алған білімді алдағы тәжірибеме енгізуге дайынмын.


ОтветитьЦитата
Jannurym Damir
(@jannurym-damir)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:36 пп  

Мен, «Прогресс» политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері    Жаннурым Дамир Азаматулы 8-12 қаңтар аралығында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында ұйымдастырылып отырған  біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысымын.

Жалпы мен үшін модульдік оқытудың біліктілікті арттыру курсы қиындық тудырмады. Себебі мен жоғарғы оқу орнын осы бағытта оқып келгендіктен, техникалық және кәсіптік білімге енгізіліп жатқан жаңашылдықтардың бағыты мен беталысын бірден түсіндім. Әрине мен жас маман болғандықтан маған тәжірибе жеткіліксіз. Ал қалған үрдісте білгенімді ортаға салып, әріптестерімнің тәжірибесі арқылы біліктілік дағдыларымды талмай жетілдіремін.


ОтветитьЦитата
Uzbekova ZHulduz
(@uzbekova-zhulduz)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:38 пп  

«Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбындағы курс барысында мен Узбекова Жулдыз Арганатовна  «Прогресс» политехникалық колледжінің модульдік оқытудың енгізілу ерекшелігімен, өзектілігімен толық таныса келіп,  модульдік оқытудың құзіреттілік тәсілдемесімен, принцптерімен, шетелдің озық тәжірибесімен, сондай-ақ, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын оқу процесіне енгізу әдістемесімен, оқу нәтижелері мен оқу жетістіктеріне қол жеткізудің шарттарын үйрендім. Алдағы уақытта мен өзімнің оқу-әдістемелік кешенімді қайта қалыптастырып, студенттерге білімді өздігінен игерудің жолдарын айқындаймын деп шештім. Жалпы  әдістемелік кешеннің қолжетімділігін қамтамасыз етудің бағыттарын да қарастырмақпын.


ОтветитьЦитата
Ushurjva Nazgul
(@ushurjva-nazgul)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:41 пп  

Мен, Ушурова Назгуль Жумабековна «Прогресс» политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері   және 8-12  қаңтар аралығында ұйымдастырылып жатқан курстың тыңдаушысымын.

Курс аясында менің түйгенім әр оқу орны нарықтың сұранысын алдын ала зерделеп, кәсіпорынға қажетті мамандарды даярлаудың бағытына бет алуы шарт. Олай болмаған жағдайда оқу орнының өзіндік үрдісін жалғастыруы екіталай. Дәл осы тұста колледж әкімшілігі ғана емес, ұжым болып  бірлесу, қоғамға өзіндік қажеттілігімізді таныту өз қолымызда. Сұранысқа ие мамандарды даярлайтын оқу орындары өміршең болу үшін жаңашылдықтарды тез игеруіміз керек екен. Салалас мамандықтармен, өңірлік  кәсіпорындармен қауымдастықта, сабақтастықта жұмыс жүргізіп оның тиімділігін пайдалануымыз шарт. Мұндай қағидалар оқу орны, студент, кәсіпорын үшін өте тиімді. Курс ұйымдастырушыларына ризамын.


ОтветитьЦитата
Kalieva Nabira
(@kalieva-nabira)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:43 пп  

«Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбындағы курс барысында мен  «Прогресс» политехникалық колледжінің оқытушысы Калиева Набира Жумабаевна модульдік оқытудың мақсат-міндеттерімен, ерекшелігімен, өзектілігімен толық таныса келіп,  модульдік оқытудың құзіреттілік тәсілдемесімен, принцптерімен, шетелдің озық тәжірибесімен, сондай-ақ, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын оқу процесіне енгізу әдістемесімен, оқу нәтижелері мен оқу жетістіктеріне қол жеткізудің шарттарын үйрендім. Алдағы уақытта бағалаудың бірнеше тәсілдерін тәжірибемде қолданамын деген шешімге келдім. Бағалаудың шарттары мен үшін де, студент үшін де ашық, нақты, әділ  әрі қолжетімді болмақ.


ОтветитьЦитата
Meymanov Dauren
(@meymanov-dauren)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:49 пп  

Мен, «Прогресс» политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Мейманов Даурен Агдариевич  8-12 қаңтар аралығында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында ұйымдастырылып отырған  біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысымын.

Курс барысында мен техникалық  және кәсіптік білім мазмұнының  жаңаруына себепкер болған мәселелерді, халықаралық стандарттар негізінде білім берудің өзіндік өлшемшарттарын, модульдік оқытудың принциптерін, базалық модульдің ерекшелігін және қалыптастырылатын құзіреттердің өзіндік орнын кеңінен айқындай білдім. Бұдан әрі әріптестеріммен бірлесе отырып, үлгілік, жұмыс-оқу бағдарламасының мазұнымен, бағалау критерийлерімен танысып, практикалық жұмыс барысында бірлесе әзірлеп, өзіме керекті білім қорын жинақтай білдім. Ендігі кезекте алған білімді оқу үрдісінде кеңінен қолдануға дайынмын.


ОтветитьЦитата
Momyshova Danara
(@momyshova-danara)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:51 пп  

Мен, «Прогресс» политехникалық колледжінің оқытушысы Момышова Данара Боранқұлқызы  8-12 қаңтар аралығында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында ұйымдастырылып отырған  біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысымын.

5 күн аясында мен модульдік оқыту бойынша берілген білімді практикалық жұмыстар аясында кеңінен зерделеп, әріптестеріммен бірлесе талқыладым. Нәтижесінде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастырудың өзіндік ерекшелігін, оқу процесіне енгізілу әдістемесін, жүргізілетін модульдердің мазмұнына толығымен талдаулар жүргізе отырып, құзіретті студентті қалыптастырудың жолдарын айқындай білдім. Тағы осы нәтижелі курстан бағалау тәсілдерін, оған қойылатын талаптарды меңгердім. Бағалау критерийлерін түсіндім.

«Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамына, оның ішінде курс жүргізген лектор Шынар Кабиевнаға   шынайы  алғысымды білдірмін.  Жұмыстарыңызға табыс тілеймін.


ОтветитьЦитата
Mulinova Gulnara
(@mulinova-gulnara)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:53 пп  

Мною, Мулиновой Гульнарой Марсовной, преподавателем общеобразовательных дисциплин, Политехнического колледжа «Прогресс», были посещены курсы на тему «Реализация образовательных программ технического и профессионального образования, разработанных на основе модульно-компетентностного подхода», где рассматривались вопросы по разработке рабочих программ и перспективно-тематических планов, т.е. вернон распределение часов по предметам, акцентируя внимание основе модульно-компетентностного подхода.

Также особое внимание уделять нужно взаимодействию в учебном процессе между коллегами, администрацией, т.к. многие вопросы, которые касаются данного подхода, могут дать положительный результат в учебно-образовательном процессе.

Прослушанный мною курс, окажет мне помощь в моей педагогической деятельности, а также обогатит мой опыт. 


ОтветитьЦитата
Otegenova Aiken
(@otegenova-aiken)
New Member
Присоединился: 2 месяца назад
Сообщения: 1
10/01/2019 1:57 пп  

Мен Өтегенова Айкен Тосановна «Прогресс» политехникалық колледжінің оқытушысымын. Өткізілген курс мен үшін өте тиімді болды. Себебі мен модульдік-құзіреттілік тәсілдеме бойынша берілген барлық мәліметтерді алып, практикалық жұмыстар барысында бекітіп, құзіреттілікті қалыптастырудың жолдарын, оқу нәтижесіне жетудің бағыттарын игердім. Алдағы уақытта алған білімді тәжірибеде еш кедергісіз қолдануға дайынмын.


ОтветитьЦитата
Share:
  
Работает

Пожалуйста, Вход или Зарегистрироваться