Четверг, Январь 24

Форум

«Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру»  

  RSS

Rakishev Nurlan
New Member
Присоединился:2 недели  назад
Сообщения: 1
10/01/2019 2:07 пп  

Мен, «Прогресс» политехникалық колледжінің оқытушысы Ракишев Нурлан  8-12 қаңтар аралығында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында ұйымдастырылып отырған  біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысымын.

Модульдік оқыту – ол  студентке берілетін  білімді біріздендіру. Курс барысында «Аспаз» мамандығы бойынша  жоспарлау құжаттарын толығымен зерделей келе  әр біліктіліктегі  модульге берілген сағат сандарын тиісті қажеттілікке қарай орналастырып, соның негізінде оқу-жұмыс бағдарламаларын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды, модульдің  сабақ жоспарларын жасауды үйрендім.


ОтветитьЦитата
Slunina Larisa
New Member
Присоединился:2 недели  назад
Сообщения: 2
10/01/2019 2:09 пп  

Я, Слюнина Лариса Николаевна преподаватель общеобразовательных дисциплин Политехнического колледжа «Прогресс» была прослушена курс «Реализация образовательных программ технического и профессионального образования, разработанных на основе модульно – компентентностного подхода». Были раскрыты вопросы по разработке рабочих программ и перспективно – тематических планов, обращая внимание основе модульно - компентентностного подхода. 

Так же, особое внимание нужно уделять взаимодействию в учебном поцессе между коллегами, администрацией. Многие вопросы, которые касаются данного подхода могу дать положительный результат в учебно – образовательном процессе.

  Прослушанный мною курс, окажет мне помощь в моей  педагогической деятельности, а так же обогатит мой опыт.


ОтветитьЦитата
Sadakbaeva Elmira
New Member
Присоединился:2 недели  назад
Сообщения: 1
10/01/2019 2:13 пп  

Мен Садақбаева Эльмира Таңжарбайқызы «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастырып отырған курс тыңдаушы ретінде сіздерге пікір жазамын. «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде  әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бізге жаңартылған білімді үйреніп, бойымызға сіңіріп, азғантай уақыт ішінде  өзімді жаңа қырынан  жетілдіруге құлшыныс берді. Бұл бағдарлама маған жаңалығымен, қиындығымен, өзгешелігімен ұнады. Болашақта студенттерімізді жаңа бағытта, жаңа қырынан білімді етіп даярлауға үлкен мүмкіндік. Информатика маманы ретінде бұл бағдарламадағы түрлі компьютерлік бағдарламаларды оқу үрдісінде пайдалану маған еш қиындық тудырмайды. Алайда оны жүйелі, сапалы пайдаланудың қажеттілігін түсіндім.  Курс оқытушысы  Шынар Қабиқызына  алғысымды айтқым келеді. Алдағы уақытта осындай сапалы курстар мен семинарлар жасап, біздің тәжірибе бөлісуімізге ықпал етіңіз  дегім келеді. Сондай-ақ, «Кәсіпқор»  холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамына біздің кәсіби қызметіміздің өсуіне, сапалы білім алуымызға септігін  тигізгендеріңізге рақмет!


ОтветитьЦитата
Shahmuhametova Saltanat
New Member
Присоединился:2 недели  назад
Сообщения: 1
10/01/2019 2:19 пп  

Мен Шахмухамбетова Салтанат Тоқсанбайқызы «Кәсіпқор» холдингінің кезекті курсынан білім жетілдірдім.

Курс барысында менің пәнімнің базалық модульде болатынын, соның негізінде студенттердіңсөйлеу, ойын жеткізу, арнайы пәндегі терминдерді қолданудың шарттарынқұзіреттілік ретінде қалыптастыруым керектігін түсіндім. Базалық модульде отырған қазақ, орыс, ағылшын тілдер бірлесе әрекет етіп, бірлесе оқу нәтижесін бағындыруымыз керек. Курс кезінде барлық берілген ақпараттарды меңгердім. Ең бастысы ағылшын тілі студенттерге қажет.


ОтветитьЦитата
Shaken Kuan
New Member
Присоединился:2 недели  назад
Сообщения: 1
10/01/2019 2:24 пп  

Мен, Шәкен Қуан Берікұлы «Прогресс» политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері   және 8-12  қаңтар аралығында ұйымдастырылып жатқан курстың тыңдаушысымын.

Курс барысында барлық тақырыптар бойынша практикалық тапсырмалар орындадық. Осы курста жүргізілген семинар-тренингтер мен үшін өзекті болды. Сабақты қызықты өткізудегі түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланудың жолдары да талқыға салынғанда мен өзіме қажетті ақпараттарды кеңінен жинақтай алдым. Бұл менің танымдық тәжірибелік қасиеттерімнің қалыптасуына септігін тигізді.


0123456789 лайков
ОтветитьЦитата
  
Работает

Пожалуйста, Вход или Зарегистрироваться